ҚазҰМУ Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссиясы

  • БЖК ТУРАЛЫ
  • НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР
  • ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
  • ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ӨКІЛЕТТІКТЕРІ
  • ҚҰРАМЫ
  • КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ КЕСТЕСІ
  • БАЙЛАНЫС

Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия (БЖК)

Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия (БЖК) Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия (БЖК) - адам және / немесе адамның биологиялық материалдары қатысатын биомедициналық және өзге де зерттеулерге, сондай-ақ жануарлар қатысатын зерттеулерге этикалық сараптама жүргізу мақсатында «С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КеАҚ жанынан құрылған тәуелсіз сараптамалық алқалы орган болып табылады.

Негізгі міндеттер

БЖК-ның негізгі міндеттері:
• халықаралық құжаттармен (Хельсинки декларациясы, CIOMS нұсқаулығы, Овьедо конвенциясы, ДДСҰ және ЮНЕСКО ұсынымдары) және Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасымен («Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс) белгіленген этикалық қағидаттардың, нормалар мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз ету;
биомедициналық зерттеулердің биоэтикалық аспектілерін бағалау, соның ішінде тәуекел мен пайда арасындағы арақатынасты, зерттеу дизайнының негізділігін және осал топтарды қорғауды қарастыру;
• зерттеушілер ұсынған құжаттарға (зерттеу хаттамасы, ақпараттандырылған келісім нысаны, сауалнамалар және т.б.) сараптама жүргізу;
• зерттеулердің барлық кезеңдерінде - басталғанға дейін, орындалу барысында және аяқталғаннан кейін - мониторинг жүргізу;
зерттеу қатысушыларының құқықтарын, қауіпсіздігін және қадір-қасиетін қорғау, қатысудың еріктілігін және деректердің құпиялылығын қамтамасыз ету.

Құрамы және жұмысты ұйымдастыру

Комиссия өз қызметін Университет Басқармасы бекіткен ҚазҰМУ БЖК туралы Ереже, негізінде жүзеге асырады. БЖК-ның құрамы көпсалалылық және тәуелсіздік қағидаттарын ескере отырып қалыптастырылған. Оның құрамына медицина саласының мамандары, фармацевтер, заңгерлер, педагогтар, сондай-ақ университетпен байланысы жоқ қоғамдық өкілдер кіреді. Мұндай кәсіби құзыреттердің үйлесімі зерттеулердің биоэтикалық аспектілерін жан-жақты және объективті талдауды қамтамасыз етеді. БЖК-ның жұмысы тәуелсіздік, құзыреттілік, бейтараптық және құпиялылық қағидаттарына сәйкес ұйымдастырылады. Шешімдер алқалы түрде қабылданып, отырыс хаттамаларымен ресімделеді.

Қызметтері мен өкілеттіктері

• зерттеу жобаларына бастапқы, жалғастырылған және кейінгі кезеңдерде этикалық сараптама жүргізу;
• бұрын мақұлданған хаттамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды қарастыру;
• ақпараттандырылған келісім нысанын және зерттеу қатысушыларының құқықтарын қамтамасыз ету тетіктерін бағалау;
• зерттеулерді жүргізудің этикалық рұқсаттылығы туралы қорытындылар беру;
• Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы Биоэтика жөніндегі Орталық комиссиямен, сондай-ақ ұлттық және халықаралық этикалық органдармен өзара іс-қимыл жасау.

Комиссия құрамы

Шамсутдинова Альфия Гумаровна

Ғылым департаментінің басшысы, PhD

Танабаева Шынар Баймахановна

Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау орталығының бас ғылыми қызметкері, PhD

Шактай Нұрай Құрманғалықызы

Медицина және қоғамдық денсаулық сақтау орталығының кіші ғылыми қызметкері

Амраев Султан Абутжанович

Травматология және ортопедия кафедрасының ассистенті, PhD

Батырбаева Динара Жармухановна

«Виварий» ҒЗИ бас ғылыми қызметкері, м.ғ.к.

Бедельбаева Гульнара Габдуалиевна

Терапиялық пәндер кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор

Битанова Эльмира Женисхановна

А.А. Шортанбаев атындағы жалпы иммунология кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к., қауымдастырылған профессор

Бошкаева Асыл Кенесовна

Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасының меңгерушісі, фарм.ғ.д., қауымдастырылған профессор

Дадамбаев Айбек Екпинбекович

Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының заңгері

Ибраева Анель Шамильевна

Ғылыми-технологиялық паркінің басшысы, м.ғ.д., қауымдастырылған профессор

Кондыбаева Аида Муратовна

Неврология және қолданбалы нейроғылымдар ғылыми-білім беру орталығының басшысы, PhD

Құрманбаева Әйгерім Кенжетайқызы

Фармацевтикалық технология кафедрасының ассистенті

Мустафина Камиля Камаловна

Микробиология және вирусология кафедрасының профессоры, м.ғ.к

Садыкова Алтынай Женисовна

Профессор Н.А. Барлыбаева атындағы «Балалар аурулары» кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры, PhD

Устенова Гульбарам Омаргазиевна

Фармацевтикалық технология кафедрасының меңгерушісі, фармацевтика ғылымдарының докторы, профессор

Шалабекова Меруерт Турсыновна

«Қоғамдық денсаулық сақтау» кафедрасының ғылыми атағы жоқ қауымдастырылған профессоры, м.ғ.к.

Шахиева Адиля Маратовна

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінің инновациялар және білім беру орталығының бас маманы

Комиссия отырысының кестесі

Байланыс ақпараты

Барлық сұрақтар бойынша келесі электрондық пошта арқылы хабарласуға болады: [email protected]

Зерттеу портфолиосын мына мекенжайға тапсыру қажет: Б. Атшабаров атындағы ІҚМ ҒЗИ, 4-қабат, 406-кабинет, «Биоэтика жөніндегі жергілікті комиссия».